Астанада дәрігерлер тұрғындарға тегін медициналық тексеру жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дәрігерлер тұрғындарға тегін медициналық тексеру жүргізді

16.08.2017

«Өз денсаулығың – өз қолыңда». Осындай акция аясында Астанада дәрігерлер тұрғындарға тегін медициналық тексеру жүргізді. Сауда орталығында орналасқан денсаулық қалашығында кардиолог, онколог, эндокринолог секілді мамандар кеңес берді. Дәрігерлер аурудың алдын алу, оларды дер кезінде анықтай білу, дұрыс тамақтануға қатысты ақпараттар айтты. Бүгін азаматтарға қан қысымын тексертіп, қан талдауын жасату, дене салмағының индексін анықтау секілді медициналық қызметтер көрсетілді. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу