Астана: Қалалық 11 емханада тегін медициналық көмек көрсетіледі

14.01.2015
Астана: Қалалық 11 емханада тегін медициналық көмек көрсетіледі

Астанада қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні аралас типті 11 емханада алғашқы медициналық санитарлық көмек тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, жекеменшік 5 медициналық ұйым да («Салауатты Астана»  ЖШС, «Медициналық орталық», «Кировская» СДА, «Орталық жол ауруханасы» және «Медикер» ЖШС) тегін медициналық қызмет көрсетеді.

Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға да зор көңіл бөлінеді. 18 жасқа дейінгі балалар тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдары мен қалалық балалар стационарларында жоспарлы және шұғыл медициналық көмек ала алады.

Амбулаториялық кезеңде:

- Балаларға бекітілген аурулар тізіміне сәйкес екпе жасау;

- 0-18 жас аралығындағы балаларды алдын ала тексеру;

- Балалардың есту қабілетінің тума және ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауытқушылықтарын ерте анықтау үшін, сонымен қатар, балаларда В және С гепатитін ерте анықтауға скрининг, неонатальді скрининг тегін жасалады.

Балалар мен ата-аналар №2 қалалық балалар ауруханасы мен №2 қалалық емханада медициналық кеңестер алып, диагностика жасата алады.   

astana.gov.kz

 

Хабарламаларға жазылу