Қазақстанда 2022 жылға дейін автомобиль жолдарының 30 пайызы ақылы болмақ

30.03.2015
Қазақстанда 2022 жылға дейін автомобиль жолдарының 30 пайызы ақылы болмақ

2022 жылға дейін еліміздегі автомобиль жолдарының 30 пайызы ақылы болады. Бұл - шамамен 7 мың шақырым жол. 

Журналистермен кездескен Мәжіліс депутаттары осылай деді.

Кездесу барысында халық қалаулылары соңғы бес жылда елдегі сауда саласының 15 пайызға артқанын айтты. Қазір елдегі сауда-саттық көлемі 5,3 триллион теңгеге жеткен.

Алайда, депутаттар тіркеудегі 700 сауда орталығы мен базарлардың көбі санитарлық талаптарға сай келмейтініне алаңдаулы.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу