Қазақстанда жыл сайын 75 мың жүрекке операция жасалады - Алексей Цой - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жыл сайын 75 мың жүрекке операция жасалады - Алексей Цой

16.06.2016
Қазақстанда жыл сайын 75 мың жүрекке операция жасалады - Алексей Цой

Қазақстан Республикасында жыл сайын 75 мыңнан аса кардиохирургиялық операциялар жасайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық денсаулық сақтау саласының үздік дәстүрлері - медицина қызметкерлері ерен еңбегінің жемісі» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Жыл сайын республикада 75 мыңнан астам кардиохирургиялық операциялар жасалады. Инсульттың асқынуынан өлім-жітім мен мүгедектікті азайту үшін 40 инсульт орталығы ашылды. Соның арқасында, миына қан шауып, қан айналымы бұзылғаннан болатын өлім-жітім саны бес жылда екі есеге азайды», - деп хабарлады А.Цой.

Оның айтуынша, соңғы  5 жылда жүрек, өкпе, бауыр, ұйқы безін ауыстыру бойынша 700-ден астам операция жасалған.

Хабарламаларға жазылу