Рудный балалар ауруханасы науқастарды оңалтуға арналған заманауи кешенге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудный балалар ауруханасы науқастарды оңалтуға арналған заманауи кешенге ие болды

10.02.2016
Рудный балалар ауруханасы науқастарды оңалтуға арналған заманауи кешенге ие болды
Қостанай облысындағы Рудный балалар ауруханасы науқастарды оңалтуға арналған соңғы үлгідегі кешенге ие болды.

Атап айтқанда, «Фаэтон» және «Гравистат» деп аталатын костюмдер мен жаттығу тренажерлары сатып алынды. Жүйкені демалтуға арналған сенсорлы бөлме жабдықталды. Құны 4 миллион теңге тұратын кешенді ауруханаға Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі сыйға тартты.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу