Қарағандыда балалар ауруханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда балалар ауруханасы ашылды

02.06.2023

Қарағандыда көптен күткен балалар ауруханасы ашылды. Бұл әлеуметтік нысанның құрылысы осыдан 10 жыл бұрын басталған болатын. Әуелде жауапсыз мердігер жұмысты бастап, кейін қаржысы болмай, сақалды құрылысқа айналған. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, бүлдіршіндердің игілігіне берілді. Ол үшін қазынадан 6 миллиард теңге қаражат бөлінген. Төрт қабатты, аумағы 35 мың шаршы метрді алып жатқан зәулім аурухана 200 балаға арналған. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен түгел қамтамасыз етілген. Ауруханада 430 адам еңбек ететін болады. Денсаулық сақтау басқармасы ескі ғимаратты күрделі жөндеп, медицина үйіне айналдырмақшы. Жыл соңында сол жерден 94 дәрігерге пәтер беруді жоспарлап отыр.

Бибігүл Төлегенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

Мамандар жеткілікті. Осы ауруханада 128 педиатор, 136-дай медбике жұмыс істейді. Толықтай заманауи медициналық жабдықпен қамтылған. Компьютерлік тамограф бар. Күзге қарай МРТ келеді. Жаңа бөлімшелерден  травматология-ортопедия, нейрохирургия бөлімі ашылады. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу