Жыл соңына дейін МӘМС есебінен 2 миллион ПТР-тест жүргізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін МӘМС есебінен 2 миллион ПТР-тест жүргізілмек

24.09.2020

Жыл соңына дейін медициналық сақтандыру қоры есебінен 2 миллион ПТР-тест жүргізу жоспарланып отыр. Бұл көмекті госпитализацияға немесе ауруханаға дейінгі тексеруге жіберілген науқастар ала алады. Қазір коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Қордан 159 миллиард теңге қарастырылған. Оның 50 миллиарды науқастарды емдеуге, 91 миллиарды медицина қызметкерлеріне үстемақыға, 10 миллиарды ПТР-тестке, 2,4 миллиарды мобильді бригадаларды көбейтуге бөлінген. Сондай-ақ, Сovid және пневмониямен ауырып шыққан науқастарды оңалтуға бағытталған.

Болат Төкежанов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы:

- Оңалту қызметтерін көрсету үшін 46,7 млрд теңге сомаға 559 жеткізушімен шарттар жасасты. Оңалтуға жіберу емхананың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Көрсеткіштерді бағалаудың критерийлері, тыныс алу, сатурация деңгейі, КТ бойынша өзгерістер.

Қазір карантин кезінде табысын жоғалтып, сақтандыру жарнасын төлей алмағандардың мәртебесін қайтару мәселесі қаралып жатыр. Яғни, оларға қарыз жүктелмей, керісінше көмек беріледі. Үкіметпен бірігіп қабылданған шешімдер нәтижесінде 740 мың адам осы мүмкіндікке ие болған.

Амангелді Сейітхан 

Хабарламаларға жазылу