Семейдегі диагностикалық орталыққа компьютерлік томограф әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі диагностикалық орталыққа компьютерлік томограф әкелінді

08.05.2015
Семейдегі диагностикалық орталыққа компьютерлік томограф әкелінді

Семейдегі диагностикалық орталыққа заманауи компьютерлік томограф әкелінді. Дертті дәл анықтауға арналған озық үлгідегі шетелдік қондырғының құны - 300 миллион теңге.

Томограф науқас адамның бойындағы кінәратты жедел және дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Диагностикалық орталық қазір Семеймен қоса, алты аудан халқына қызмет көрсетеді. Дәрігерлер құрылғы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлерді тегін тексеретін болады.   

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу