Павлодарда туа біткен талмасы бар балаларға қытайлық хирург жүрегін тоқтатпай операция жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда туа біткен талмасы бар балаларға қытайлық хирург жүрегін тоқтатпай операция жасады

16.01.2015
Павлодарда туа біткен талмасы бар балаларға қытайлық хирург жүрегін тоқтатпай операция жасады

Қытай елі мамандары операция жасаған кезде жүрек соғысын уақытша тоқтатпайды. Жүректің жұмысын жақсарту үшін жасанды қан айналымы қондырғысы қолданылмайды.

Кеудені кеспей, екі жерден оймақтай ғана саңылау жасайды. Басқасы ультрадыбыстық диагностикалық аппараттың көмегімен жүзеге асады.

Екі күндік шеберлік дәрістері кезінде қытайлық мамандар 11 балаға операция жасайды.

Қазақстанда медицинаның дамуына жан-жақты мүмкіндік жасалуда. Енді бірер жылда шетелден мамандар шақырудың қажеті бола қоймас, дейді сала қызметкерлері.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу