Балаларды емдеуде инновациялық технологияларды енгізу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды емдеуде инновациялық технологияларды енгізу ұсынылды

11.10.2014
Балаларды емдеуде инновациялық технологияларды енгізу ұсынылды

Шымкентте балалар денсаулығын жақсарту жөнінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға қатысқан еліміздің жетекші мамандары мен  алыс-жақын шетелдерден келген балалар дәрігерлері өзекті мәселелерді өзара талқыға салды.

Әсіресе,  қазір әлем жұртын алаңдатып отырған қатерлі ісік ауруларын емдеу әдістері конференцияның басты тақырыбына айналды. Оны сүйек кемігін алмастыру арқылы емдеу тәсілдері сөз болды. Дәрігерлердің айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын бұл кеселге шалдыққан нәрестелерді аурудан айықтыру мүмкін болмаған.

Айнұр АҚБАЕВА  

Хабарламаларға жазылу