«Алмадентик Астана» тіс емханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алмадентик Астана» тіс емханасы ашылды

02.06.2014
«Алмадентик Астана» тіс емханасы ашылды
Еліміздегі «Дента» жанұялық тіс емханасы астаналық бүлдіршіндерге үлкен сый жасады. Қаланың халық тығыз қоныстанған аудандарының бірінде «Алмадентик Астана» деп аталатын бүлдіршіндерге арналған тіс емханасы ашылды.
 
Орталықтың ашылуы арнайы 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орайластырылды. Салтанатты рәсімге сол маңдағы бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары жиналды. 
 
Аулада мерекелік көңіл-күй орнап, балалардың сүйікті кейіпкерлері бүлдіршіндермен қоса биледі. Сондай-ақ, барлық тісін емдетемін, деушілерге дәрігерлер тегін ақыл-кеңес берді.  
 
Бану Биянова, «ДЕНТА» ЖШС директоры:
Бір мезгілде  12 балаға дейін қабылдай аламыз. Бірақ, әлі де шағын ғана. Кейін үлкейтетін мүмкіндігіміз бар.
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу