Жаңа медициналық нысандар көбейеді
Өткен жылы Ақтөбе облысында бір мезгілде 500 адамға қызмет көрсетін қалалық емхана іске қосылды. 300 орындық көп салалы аурухана және елді мекендерде 9 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жылқы жылы да жаңа нысандар бой көтермекші. Өңірде туберкулезге қарсы жаңа диспансер, Темір ауданында 500 орындық заманауи емхана салынады.
9 дәрігерлік амбулаторияның бірі - Ақтөбедегі Оңтүстік-Батыс ауданына салынды. 5 дәрігер 7 мың тұрғынның денсаулығына жауапты. Оның 2 мыңға жуығы бала. Орталыққа жиі қатынайтын Кәмшат шағын ауданға әлеуметтік нысан салынғанына дән риза.
Камшат Қали, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
Осыған дейін екі баламен қалаға қатынап жүрдік, маршруткамен. Тоңып аязда. Қазір енді, осы ауданымызға амбулатория әкелді. Енді бұл халыққа жасалған жақсы жағдай.
Медицина саласындағы бар озық технология Ақтөбе облыстық ауруханасына жеткізілді. Көпсалалы нысан 300 керуетке арналған. 12 бөлімше бар. Түгел экспорттық класты аппараттармен жабдықталды. Мұнда ерлер денсаулығына ерекше көңіл бөлініп, мамандар біліктілігін арттырып келді.
Абат Имжаров, урология бөлімшесінің меңгерушісі:
Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған аурухана халық үшін тиімді. Бұл жерде барлық ем түрі жасалады. Бізде бұрын болмаған жабдықтар әкелінді. Бастысы тұрғындардың денсаулығына ерекше мән беріліп отыр.
Жылқы жылында жүзеге асатын құрылыс та аз емес. Өңірде тағы 10 дәрігерлік амбулатория салынады. Дені шалғай елді мекендерге. 500 орындық заманауи емхана құрылысы басталмақшы. Бұл жылы жаңа нысандар тұрғызу үшін мемлекеттен облыстық денсаулық сақтау саласына 29 миллиард теңге бөлінген.
Әсет Қалиев, Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Облыстық туберкулез диспансерін және жедел жәрдем бекетін қала сыртында салуды жоспарлап отырмыз . Негізгі үлкен станция және төрт подстанциямен. Қаланың барлық шетінде. Тұрғындарғға жедел жәрдем бекетін жақындату мақсатында.
Мемлекет пен жеке кәсіпкерлер арасында әріптестік нық. Осы әдіспен Ақтөбеде радиацонды орталық пен балалар тіс емханасы салынады. Жаңа бой көтерген «Нұр Ақтөбе» ауданына да аурухана тұрғызылмақ.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02