Магистратураға түсу процесін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігі мен қоғам белсенділері жіті бақылайтын болады. Бұрын магистратураға университеттегі тестілеу арқылы түссе, биыл бірінші рет бұл жұмысты ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастырады. Сондай-ақ талапкердің ағылшын тілін меңгергендігін анықтайтын сынақ IЕLTS тілдік стандартының деңгеймен теңестірілді. Аталған жаңашылдықтар магистратураға түсуді барыншf әділ етуге бағытталған. Енді бұл талаптардың қатаң қадағалануын мемлекеттік органдардан бөлек, қоғам белсенділері де бақылайтын болады. Бүгін арнайы топ науқан алдында дайындығын пысықтады.
Талғат Нәрікбаев, «Adal bilim» жобалық кеңсесінің директоры:
Біз мемлекеттік мекеме емеспіз. Бұл — қоғамдық жұмыс. Дегенмен тіркелген заң бұзушылықтар жайлы мәлімдеме жасайтын боламыз. Министрлік пен агенттік бұл жұмысты бірге істеуге мүдделі. Себебі, мақсатымыз ортақ.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ