10 желтоқсан магистратура грантына құжат қабылдау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 желтоқсан магистратура грантына құжат қабылдау басталады

09.12.2021
10 желтоқсан магистратура грантына құжат қабылдау басталады

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 10 желтоқсанда басталып, 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Өтінімдер жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балды құрайды.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсушілер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы биыл 15-22 желтоқсан аралығында, оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсушілер үш мыңнан астам мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Гранттардың басым бөлігі «Химия» (172 грант), «Ветеринария» (169), «Механика және металл өңдеу» (156), «Металлургиялық инженерия» (137), «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» (132), «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» (130) және басқа мамандықтар бойынша бөлінді.


Хабарламаларға жазылу