Елімізде кітапханашылар тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кітапханашылар тапшы

06.06.2019

Қазақстанда 11 мыңнан астам кітапхана бар. Алайда жыл сайын Жоғары оқу орындарынан осы мамандық бойынша 200 маман ғана түлеп шығады. Сондықтан кадр жетіспейді. Осындай өзекті мәселелер Назарбаев Университетінде өткен VIII халықаралық конференция барысында айтылды.

Жиында келтірілген статистикаға сәйкес, кітапханашылардың 60 пайызының ғана тиісті жоғары білімі бар екен. Яғни, қызметкерлерді дайындауда ғылыми қолдау жоқ. Мәселен, «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Қазақстанда 2 ғылым докторы және 20-дан аса ғана магистр бар.

Гүлжан Ержанова, ҚР ЖОО Кітапханалар қауымдастығының президенті:

- Кітапхана мамандығының беделі жоқ дейді. Беделі болу үшін оның айылығы, оның статусы болуы керек. Статус бүгінгі күнге педагогтармен теңбе-тең болуы керек. Себебі ол неше жыл бойы сол ЖОО-ның оқытушыларымен бірдей жұмыс істейді. Олардың қажет ақпаратын, ғылыми сұранысын ақпараттандыру - өте үлкен, жоғары талап.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу