Елімізде деректанушылар тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде деректанушылар тапшы

25.10.2019

Ақиқат тарих ақтарыла бастады. Омбы мемлекеттік мұрағатынан 3500-ге жуық құнды құпия мәлімет қолға түсті. Сосын «Ұлы Дала өркениеті» атты жаңашыл тақырыптар қаузалып жатыр. Бұл кезінде Ресей империясы, кейін Кеңес үкіметі 250 жыл шамасында жақындатпай жасырын ұстаған тың материалдар. Осының бәрі ХІ Еуразиялық ғылыми форум аясында оқулық болып басылып шықты.

Бірақ әлі де шаң басып жатқан тарихи деректер жетіп артылады. Ол Түркия мен Мысыр қорларында бар. Сонда айлап отырып көз майын тауысып жұмыс істеуге тура келеді. «Бір өкініштісі, деректанушылар тапшы, ғылымның сол тұсы ақсап тұр»,-дейді тарихшылар. 

Зиябек Қабұлдинов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры:

Сонда 3500-дей Қазақстанның тарихына байланысты, оның ішінде XVIII ғасырға тиесілі материалдар әкелінді.

Болат Көмеков, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Кеңес үкіметі мезгілінде бізге айтқызбады, етектен тартты. Орысшылдыққа шақырды. Ендігі міндет - Ұлы даланың құндылықтарын ашу. Бұл деген қазақтың болмысы, тектілігі.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу