«Балаларға арналған 1000 тегін IT сынып» жобасының жүзеге асу барысын сала мамандары талқылады. Оған отандық және шетелдік IT компаниялардың өкілдері қатысты. Қазір бұл жоба аясында елорданың өзінде бірнеше сынып ашылған. Онда оқушыларға бағдарламалау мен робототехниканы үйретеді.
Жоба аясында тоқсан сайын шетелден белді мамандар шақыртылып, тәжірибе алмасады. Бүгін осы бастаманы жандандыру жолдары талқыланды. Оған Google компаниясының IT маманы Тілек Мамутов арнайы шақырылды. Ол үздік әлемдік тәжірибелер туралы айтып берді.
Әбутәліп Мүтәлі, IT маман:
- 1000 IT сынып жобасының қатысушыларының біріміз. Қазіргі таңда оқу бағдарламасы бойынша 100-ден астам стем лаборатория ашылған. Оның негізінде оқушылар жобаға негізделген білім жүйесіне үйретіледі.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ