Ұлан Жармұхамедов: «WorldSkills Kazakhstan» жобасының мақсаты - жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлан Жармұхамедов: «WorldSkills Kazakhstan» жобасының мақсаты - жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру

25.08.2015
Ұлан  Жармұхамедов: «WorldSkills Kazakhstan» жобасының мақсаты -  жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру

2015 жылдың 8-9 сәуірі аралығында  Астанада «WorldSkills Kazakhstan»  ұлттық кәсіби шеберлік чемпионаты өткен. 

Шара токарлық, дәнекерлеу ісі, тас қалаушылар, шаштараз, аспаздық, ақпараттық технологиялар жүйелерін басқару және сылақ ісі сияқты 7 мамандық бойынша өткізілді. Ұлттық чемпионат жеңімпаздары жуырда Бразилияның Сан-Паулу қаласында елімізді халықаралық деңгейде таныстырып қайтты. 

Осыған орай,  «Таңшолпанда» қонақта - дәнекерлеу сараптамашысы Нұрлан Маратұлы және «WorldSkills Kazakhstan» жобасының техникалық өкілі Ұлан  Жармұхамедов.

«Әлемдік деңгейдегі чемпионат болғандықтан, шараның ұйымдастырылуы өте жоғары дәрежеде болды. Инновациялық бағдарлама бойынша Қазақстан индустриясының жартысынан көп бөлігін жұмысшы мамандықтар құрайды. 

Сондықтан, жастардың осы мамандықтарға қызығушылығын артыруға,  халықаралық стандарттарды оқыту-әдістемелік құралдарында пайдалануға, материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, сарапшылар мен колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға өзіндік үлесін қосатын үлкен жоба», дейді Ұлан Жармұхамедов. 

Жарысқа 75 елден 59 команда қатысқан.

Жобаға қатысқан қазақстандық студенттердің алдағы жоспарлары мен жетістіктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу