Қазақстанда алғаш рет «Worldskills» чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда алғаш рет «Worldskills» чемпионаты өтеді

08.04.2015
Қазақстанда алғаш рет «Worldskills» чемпионаты өтеді

Алғаш рет Қазақстанда өткізіліп жатқан «Worldskills» чемпионаты ең үздік токарь, аспаз, шаштараз бен дәнекерлеушіні анықтауға мүмкіндік береді.

Халықаралық байқаудың іріктеуіне бірінші рет қатысып отырған Қазақстан тарапы жүлдені 70-тен астам адам арасында сарапқа салмақ. 13 өңірден жиналған қатысушылар аймақтық жарыс жүлдегерлері.

Қатысушылар арасында студенттерден бөлек, өндіріс қызметкерлері де бар. Сәйкесінше сайыс теория мен практика жүзінде өтетін көрінеді.

Екі күнге жалғасатын чемпионат жүлдегерлері Бразилияның Сан-Пауло қаласында Қазақстан атынан сайысқа түседі.

 

Әлия ӘШІМ    

Хабарламаларға жазылу