Мұғалімдердің мәртебесін көтеру - Үкіметтің басты назарындағы мәселелердің бірі. Елбасының Әлеуметтік қамқорлық шараларын халыққа түсіндіру барысында осы мәселеге де айрықша мән берілуде.
Мәселен, Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет өкілдері Ақмола облысындағы екі күндік жұмыс сапары кезінде аудан және ауыл ұстаздарымен кездесіп, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың тізбегін түсіндірді. Саналы ұрпақ өсіру жолында сапалы еңбек етіп жатқан мұғалімдердің еңбегі жоғары бағалана бермек.
Ұстаздардың жалақысы соңғы 10 жылда жыл сайын өсіп келеді. Жаңа әлеуметтік бағдарлама аясында 1 маусымда тағы 30 пайызға көтерілмек. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру да - басты назарда.
Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдердің мәртебесін арттыруды ылғи назарда ұстайтынын білесіздер. партия сьезінде де нақты тапсырмалар бергені мәлім. Соған сәйкес, ұстаздарды әдестемелік тұрғыда қолдау жалғаса береді. Жүйелі әдістемелік кешен жасалып, оның игілігін барлық ұстаздар көріп келеді. Енді оның ағылшын тіліндегі нұсқасын жаңа оқу жылында қолданысқа шығаруды жоспарлап қойдық. Алдағы үш жылда 144 мың ұстаздың біліктілігін арттырамыз.
Ербол МӘНДІБЕК