Қазақ Ұлттық өнер университетінде жаңа мамандықтар оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ Ұлттық өнер университетінде жаңа мамандықтар оқытылады

28.02.2019

Алдағы оқу маусымынан бастап Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Туризм», «Музей ісі» сияқты жаңа мамандықтар оқытылатын болады. Бұл туралы Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның сөзінше, білім ордасы қабырғасында «Шамшырақ» атты шығармашылық үйі де жұмысын бастамақ. Түрлі шеберлік сабағы, семинар, көрме сынды іс-шаралар осы жерде өткізілмек. Тағы бір жаңалық, Жастар жылы аясында бұл оқу ордасында Әдебиет және өнер институты есігін айқара ашады. Бұл жас әрі талантты жазушылар мен ақындардың, музыканттар мен суретшілердің жаңа қырынан танылуына, шығармашылығын шыңдауға керемет мүмкіндік болмақ.

Айман Мұсақожаева, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры:

- Жастар жылы және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бірнеше жобаны іске асырып жатырмыз. Мәселен, ноталар жинағын және университеттің ғылыми кітапханасы мен архивын электронды форматқа көшірдік. Сондай-ақ, виртуалды-сандық музей ашу жоспарда бар.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу