Ұлттық өнер факультеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық өнер факультеті ашылды

01.03.2019

Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында жаңа Ұлттық өнер факультеті ашылды.

Ұлттың рухани қазынасын насихаттайтын факультет Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында құрылды. Мұнда мамандар қазақ өнерінің түп нұсқасы бұзылмай, бұрмаланбай келер ұрпаққа жетуіне ықпал етпекші.

Оның құрамында Дәстүрлі музыка өнері және Сәндік-қолданбалы өнер атты екі кафедра бар. Талапкерлер биылғы қыркүйектен бастап қабылданады.

Асхат Маемиров, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры

- Жаңа мамандықтар, мамандандырулар кіреді. Ол - сыбызғышыларды дайындау. Себебі бұл мектеп Қазақстанда бар. Бірақ, әлі де сол мамандар тапшы.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу