Ұлттық құндылықтарды дәріптеудің тың әдісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құндылықтарды дәріптеудің тың әдісі

19.02.2019

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен баланы шапшаң есепке, ептілікке үйрету. Астана қаласындағы №51 мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында биыл «Өркендеу» атты жоба жүзеге асуда. Соның бірі - ұлттық ойындар сайысы. Қаладаға ең ірі мектептің бірі болып саналатын аталған білім ордасында «Бес тас», тоғызқұмалақ, күрес және асық ойындарынан оқушылар жарысты.

Әсіресе, қала балалары үшін таңсық ойындар жарысына көптеген оқушылар қатысты. «Өркендеу» жобасы аясында «Отан», «Зерде», «Руханият» және «Жеті жарғы» секілді шаралар ұйымдастырылмақ. Мақсат - оқушыларға төл құндылықтарымызды дәріптеу.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу