«Қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан сақтасын»: Тегін дүниеге құмарлық неден туады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан сақтасын»: Тегін дүниеге құмарлық неден туады?

12.01.2024

Халықтың мәдениетін арттырып, ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің жолы қайсы? Рухани құндылықтарды дәріптеудің дара жолын қалай таңдаған дұрыс? Бүгінгі заман талабына сай тың тәсілдер қажет пе? Әріптесім Самал Қабышева осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Қоғам неге тегін дүниеге құмар. Тамағын қойып, табағын алып кеткен сәтке де куә болдық. Кейінгі кездері осындай көріністер жиілеп кеткені рас. Демек,қоғамда рухани жұтаңдық белең алып бара жатқан тәрізді.

Серікзат Дүйсенғазин, филология ғылымдарының кандидаты, ақын:

Қоғамды түзеу үшін, мәдениетті азаматтар шығу үшін барлық қоғам үнделу керек. Қоғам болғанда жаңағы өздері ашкөздер болып жүргендер емес, қоғамдағы зиялы, мемлекеттің болашағына сенетін, Тәуелсіз Қазақстанымыз дамысын деген ой ниеті бар адамдар бірігіп, осының жүйесін жасауымыз керек.

Ал саясаттанушы Мақсат Жақаудың пікірінше, қоғамдағы кері құбылысқа әрқайсысымыз жауаптымыз.

Мақсат Жақау, саясаттанушы:

Әр адам өзіне жауап беру керек. Өзінің баласына қандай тәрбие беріп жатқанын. Өзінің отбасында қандай тілде сөйлеп жүргеніне жауап беруі керек. Өзінің отбасында қандай азамат шығуына қандай әрекет жасап жатқанына жауап беру керек. Мені Мемлекет басқарады, мені тек Мемлекет асырайды деген масылдық көзқараспен қараса, ол өте құрдымға кеттім деген сөз.

Демек, әр адам мәдениетті өзінен бастау керек. Әр нәрсенің қадірін білу керек. «Қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан сақтасын» деген осындайда айтылса керек. Көпшіліктің пікіріне жүгенсек, бұл орайда үйдегі тәрбиенің рөлі зор. 

 

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу