Мифтік қаһармандардың киім үлгісін жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мифтік қаһармандардың киім үлгісін жасады

24.12.2019

Ұлттық құндылықтарды насихаттаудың ерекше әдісі. Белгілі дизайнер Тәрбия Айдынбаева «Қазақ мифологиясы» атты жаңа ғылымның ірге тасын қалаған ғалым Серікбол Қондыбайдың мифтік қаһармандарының киім үлгісін жасады. Қолөнер шебері ғалымның шығармаларын зерттей келе, өз қиялынан таңғажайып туындылар шығарған. Костюмдерді әзірлеуге 1 жарым жыл уақыт кетті. Шара ғалымның туған жері Шетпе ауылындағы Серікбол Қондыбай атындағы мұражайда болды. 2015 жылы ашылған музейде XX ғасырдың Шоқаны атанған, әлемдік феномен ретінде танылған ғалым туралы, оның шығармаларының мән-мақсаты жайында мәліметтер жинақталған.  

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу