Ақылы ҰБТ-ға өтініштер қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылы ҰБТ-ға өтініштер қабылданады

28.11.2019
Ақылы ҰБТ-ға өтініштер қабылданады

Қазақстанда 2020 жылы 15-20 қаңтар аралығында ақылы негізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Білім сынына өтініштер желілік ЖОО-ларда биыл 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады.

Ақылы ҰБТ-ны кімдер тапсырады?

Бұл тестілеу ақылы бөлімге түсетін 11-сынып оқушылары үшін, бірінші академиялық кезең аяқтағанға дейін ЖОО-ға қабылданған тұлғалар мен шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобынан басқаға ауысатын студенттер үшін өткізіледі.

ҰБТ тапсыру үшін қандай құжаттар қажет?

Тестілеуге қатысу үшін 11-сынып оқушылары мынадай құжаттарды тапсырады:

  • Арнайы үлгідегі өтініш;
  • 3x4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
  • Жеке куәліктің көшірмесін (16 жасқа толмағандар туу туралы куәліктің көшірмесін);
  • Тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек
  • Өзі білім алатын мектептен анықтама;

Ақылы ҰБТ үшін қанша қаржы төлеу қажет?

Тестілеудің құны – 2242 теңге.

Хабарламаларға жазылу