ШҚО-да информатика пәні мұғалімдерінің байқауы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да информатика пәні мұғалімдерінің байқауы өтуде

31.10.2018

Шығыс Қазақстанда информатика пәні мұғалімдерінің байқауы өтіп жатыр. Бүгін Өскеменде ұйымдастырылған білім сайысына аудандық және қалалық кезеңнен жеңіп шыққан жалпы білім беретін мектеп оқытушылары жиналды. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұстазым мақтанышым» жобасы аясында өткізілуде. Негізгі мақсат – үздік мұғалімдерді анықтап, олардың озық тәжірибесін көпшілікке тарату. Облыстық байқауға 20-дан астам маман қатысып, түрлі тапсырмаларды орындады. Тәжірибелік жұмыс кезінде робот макетін құрастырудың тиімді жолдарын көрсетті. Бұдан соң, өздерінің инновациялық жобаларын, авторлық бағдарламаларын таныстырды.

Шынар Баяхметова, информатика пәні мұғалімі:

- Мен де осы уақытқа дейін 3 авторлық бағдарлама жасап шығардым. Векторлық графика, флеш-анимация және графика, математикалық және компьютерлік модельдеу. Осы жұмыстарыммен әріптестеріммен бөлісудемін.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу