Ғылымды қаржыландыру мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылымды қаржыландыру мәселесі қаралды

05.09.2018

Ғылыми жобаларға грант бөлу туралы шешім қабылдайтын ұлттық комиссияның жұмысында кемшіліктер бар. Ғалымдардың соңғы кездегі наразылығы осының дәлелі. Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысында осы түйткіл талқыланды. Білім және ғылым министрлігі 2018-2020 жылдарға гранттық қаржыландыруға 4,5 мыңға жуық жоба қабылдаған. Алайда, оның тек мыңнан астамын қаржыландырамыз деп шешкен. Ал мақсатты қаржыландыруға 300-ден астам жоба қабылданып, оның тек отыз пайызы ғана қаржыландырылған.  Сондықтан да, ғалымдар арасында грантты бөлуге қатысты сұрақтар мен дау-дамай көп. Білім және ғылым вице-министрі «Нұротандықтарға» ғылымға қаржы бөлу тәртібін түсіндірді. Ал, партия мүшелері бұл тұста кемшіліктер көп екені айтып, ұлттық ғылыми кеңес жұмысын жетілдіру керек деген пікір айтты. Кеңесте көтерілген мәселелер Үкіметке жолданатын болады.

Сейітқасым Байбеков, техника ғылымдарының докторы, профессор:

- Әр жолы конкурс болған сайын біздің елде дау болып жатады. Біреулердің ұпайлары жоғары, бірақ, ол өтпей қалады. Осы себепті олар реніш тудырады. Бұл ұлттық ғылыми кеңестің жұмысында кемшілік бар деген сөз. Кемшілік болмаса мұндай болмас еді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу