Биылғы оқу жылында 3 миллионнан  астам оқушы 7024 мектептің табалдырығын аттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы оқу жылында 3 миллионнан  астам оқушы 7024 мектептің табалдырығын аттады

03.09.2018

Бүгін еліміздегі барлық мектептерде алғашқы оқу аптасы басталды. Жыл өткен сайын мектепке баратын балалар саны артып келеді.

Биылғы оқу жылында 3 миллионнан  астам оқушы еліміздегі 7024 мектептің табалдырығын аттады. Оның  350 мыңы 1-сыныпқа барды. Осы жылы республикалық бюджеттен 53 миллиард теңге бөлініп, оған 110 мектеп салынбақ. Жаңа нысандардың бой көтеруі - Елбасының үшауысымды мектеп мәселесін шешу бойынша жүктелген міндеттің орындалуы.

Осы жылғы оқу маусымында жаңадан 72 білім ордасы  пайдалануға берілмек. Оның 49-ы  есігін 1 қыркүйекте ашса, жыл соңына дейін қалған 23 мектеп салынып бітеді деген жоспар бар.  Аталмыш 72 мектептің үшеуі Ақмола облысында,  9-ы -  Ақтөбеде, Алматы облысында - 6, ШҚО - 1, Жамбылда - 4, БҚО - 3, Қарағандыда - 3, Қызылордада- 5, Маңғыстауда - 8, Түркістанда - 20, Алматыда -7, Астана қаласында - 3 мектеп.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу