Қызылорданың Шиелі ауданындағы №45 «Ақ орда» мектебіне қосымша ғимарат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорданың Шиелі ауданындағы №45 «Ақ орда» мектебіне қосымша ғимарат берілді

31.08.2018

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №45 «Ақ орда» мектебінің тағы бір жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді. Бұл қосымша ғимарат мектептегі балалардың саны артуына байланысты  салынған. Енді мұнда бастауыш сынып оқушылары оқиды. Барлық талапқа сай жабдықталған білім ошағын аралап көрген ата-аналардың көңілі тоқ. Бәсекеге қабілетті білім алуға мейлінше жағдай жасалған. Шиелілік өрендер жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен бастамақ.   

Айнұр Архабаева, №45 «Ақ орда» мектеп-гимназия директоры:

- Ұстаздардың міндеті осы замануи үлгіде салынған корпуста бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Біз, әрине, осындай үлкен ғимарат салып беріп жатқанына өте қуаныштымыз.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу