Қыркүйектен бастап бүкіл мектепте «Өлкетану» сабағы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйектен бастап бүкіл мектепте «Өлкетану» сабағы өтеді

16.08.2018

Бесінші, жетінші сыныптарға арналған оқулық төрт пәнге: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география және музыка пәндеріне қосымша ретінде оқытылады. «Өлкетанудың» өзге оқулықтардан ерекшелігі – мұнда белгілі бір өлкенің тарихы, әдебиеті, географиясы, табиғаты және мәдениеті жайлы жан-жақты айтылады. Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан аймақтарының рухани байлығы мен тарихын қалыптастырған адамдардың үлгілі істері туралы мол мәліметтер алады. Кітапты әр өңірдің өз мамандары дайындаған.

Мәселен, Қызылорда облысының оқушылары сол аймақтың табиғаты, мәдени құндылықтары, өңірдің танымал тұлғалары туралы ақпарат алады. Басқа облыстар да сондай. Республикалық комиссия бастапқы жобадан өңірлер бойынша көп кемшіліктер тапқан.    

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу