Алматыда нөсер жауыннан кейін көшелерді су басты
Алматыда
толассыз жауын жауып, жолдарды су басып, тұрғындар әбден әбігерге түсті. Ауа
райы бұзылған сәттен көлік қозғалысы қиындап, 10 балдық кептеліс болды. Ал
қаланың орталық көшелері мүлдем қозғалыссыз қалды.
Сондай-ақ нөсер жауын салдарынан бір көшені толығымен су шайып, жол опырылды. 13 көлікке зақым келген. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, аталған көшеде инженерлік желілерді тарту жұмыстарын «Спецстрой Групп LTD» мердігер компаниясы жүргізген. Асфальт жабындысы уақытша қалпына келтірілмепті, себебі QazaqGaz компаниясының тапсырысымен газ құбыры төселуі тиіс болған. Толассыз жаңбырдан кейін жол жабындысы қопарылып кеткен. Қазір Аманжол көшесі жабық. Түні бойы көліктерді эвакуациялап, жолды тазарту жұмыстары жүргізілді. Ал асфальт қайта жөнделеді. Әкімдік мәліметінше, мердігер компания зақымданған көлік иелеріне толық өтемақы төлейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
