Басты Жаңалықтар Елімізде 403 студент жылдар бойы жиналған қаражатқа қамсыз білім алып жүр

Елімізде 403 студент жылдар бойы жиналған қаражатқа қамсыз білім алып жүр

Яғни, олардың ата-анасы бір кездері мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне ақша аударып отырды. Бұл жүйе жастардың кез келген жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік береді. Себебі, депозит салымдарына 12% -ға дейін банктік сыйақыдан бөлек, мемлекеттің де жыл сайын 5%, тағы әлеуметтік қорғалмаған топтар үшін 7%-ға дейін қосымша қаржы қаралған. Мұндай бағдарламаны Қазақстан Азия мемлекеттері арасында алғашқы болып енгізді.

Ал, әлемде осыған ұқсас 9 бағдарлама бар. Бірақ, біздікінің ерекшелігі – мемлекеттік сыйақының көптігінде. Бүгінде 19 мыңнан астам адамның шотында 17 млрд. теңгеге жуық қаражат жиналған.  

Алпамыс Сатыбалдин, «Қаржы орталығы» АҚ білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаментінің менеджері:

- Мысалға, 8 жасар балаға айына 8 мың теңгеден жинақтағанның өзінде ол 18 жасқа толғанша ата-анасы 1 млн-дай қаражат жинайды. Оның үстіне Үкімет пен банк 2 млн-ға жуық қаражат қосып береді. Яғни, жалпы сома 3 млн-нан асады. Егер де ол бала болашақта грантқа ие болатын болса, сол жинақталған жалпы соманы шешіп, кез келген мақсатта қолдана алады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу