Елордада журналистер арасында өрт сөндіру-құтқару чемпионат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада журналистер арасында өрт сөндіру-құтқару чемпионат өтті

27.06.2022

Бүгін Елордада журналистер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша екінші республикалық чемпионат өтті. 

Спорттық іс-шара бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды. Оны Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров ашып берді.

Жарысқа 6 телеарна мен 1 ақпараттық агенттіктен 7 команда қатысты. Олар өрт сөндіруішлердің киімін киіп, өздерін бір сәтке қауіпті мамандықтың иесі ретінде сезініп көрді. Түтін камерасы мен кедергілерден өтіп, зардап шегушіні тауып, құтқарып, медициналық көмек көрсетті. Жарыс соңында жүлдегерлер мен қатысушылар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.   

Хабарламаларға жазылу