Қарағанды облысының мұғалімдері ағылшын тілін шетелдік оқытушылардан үйренуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының мұғалімдері ағылшын тілін шетелдік оқытушылардан үйренуде

17.11.2017

«Өрлеу» ұлттық орталығының Қарағанды облысындағы филиалына Ұлыбританиядан 3 маман келді. Олар физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытудың жаңа  әдісін үйретуде. Қазір облыстың қала мен аудандарынан барлығы 54 мұғалім біліктіліктерін шыңдау үстінде. Оқу курстары аяқталған соң қатысушылар емтихан тапсырады. Кейін жазбаша тест алынады. Осы екі сыннан сүрінбей өткендер тіл деңгейін растайтын Кембридж сертификатына ие болмақ. Бұл жолдама педагогтардың жалақыларын қосымша 35 мың теңгеге өсіруге мүмкіндік береді. Шетелдік қонақтарға қарағандылық ұстаздар да өз мәнерінде құрмет көрсетуде. Мәселен, толеранттылық күніне орай қазақстандықтардың бірлік пен ынтымағын дәріптейтін арнайы концерт қойып, өз өнерлерін паш етті.

Сәуле Мұқанова, «Өрлеу» ҚОФ  директоры:

- Педагогтарымыз пәндік сабақтарды ағылшын тілінде оқытудың жаңаша әдістемесін үйреніп жатыр. Шетелдік мамандардың айтуынша, ұстаздарымыздың жетістігі жаман емес. Оқыту курсын жақсы аяқтаған мамандарымыз ескерусіз қалмайды. Олардың біліктілігін шыңдау үшін барынша қолдау көрсетеміз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу