Жетісу мемлекеттік университетінің ашылғанына - 45 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу мемлекеттік университетінің ашылғанына - 45 жыл

30.10.2017

Биыл Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ашылғанына - 45 жыл. Мерейтой қарсаңында оқу орнында студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл жерде «бір терезе» қағидаты бойынша университет қабырғасындағы қызмет түрлерінің бәрі көрсетіледі. Сондай-ақ, филология факультетінің журналистика кафедрасында заманауи телестудия қолданысқа берілді. Болашақ тележүргізушілер мен тілшілердің шыңдалуына жаңа мүмкіндіктер туды. Жыл сайын еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарына бұл университет 50 маман даярлап шығаруда.

Айзада Оразалы, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті:

- Теория мен тәжірибені ұштастырып, болашақта білікті маман болуға есік ашады. Сондықтан да осы телестудиядан шыңдалып, болашақта еліміздің ірі телеарналарында қызмет етеміз деген үмітіміз бар.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу