Алматыда тың идеяларды іске асыратын зертхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тың идеяларды іске асыратын зертхана ашылды

24.10.2017

Бұл еліміздегі АҚШ Бас консулдығының қолға алған он бірінші ғылыми орталығы. Мұнда қала тұрғындары ұтымды ұсыныстары мен дағдыларын дамыта алады. Жаңа технологиялармен жабдықталған қоғамдық орын күніне 9 сағат жұмыс істейді. Оған кіруге ешқандай тосқауыл да, әрі жас ерекшелігіне байланысты шектеу де жоқ. Әлем бойынша мұндай кеңістіктің саны 650-ден астам.

Кэтрин Марсичек, АҚШ Бас консулдығы орталық азия ақпараттық ресурстары бойынша аймақтық кеңесшісі:

- Смарт пойнт коуоркинг кеңістігінде Америкалық кеңістікті аштық. Бұл Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынасты күшейтеді. Бұл қос әріптес ел халқының бір-бірімен тәжірибе алмасу, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлесу арқылы білімін нығайтып, тағы басқа пайдалы дүниелерді үйренеді.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу