Шахмат міндетті пән қатарына қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахмат міндетті пән қатарына қосылды

05.10.2017

Биыл Қызылорда, Алматы, Павлодар облыстарында  шахмат үйірмесі міндетті пән ретінде енгізілді.  

«Мектептегі шахмат» жобасы екінші сыныптан басталады. Қазір жаңа жоба Қызылорда қаласы бойынша 4 мектепте эксперимент ретінде сыналуда.     

Егер ол нәтиже берсе, 2020 жылы  барлық білім беру  ұйымдары қамтылады. Интеллектуалды ойынға оқушыларды машықтандыру үшін арнайы оқулық әзірленген. 

Жұмыс дәптері де бар. Балалар шахматтың шығу тарихынан бастап ондағы  әрбір тастың сипаттамасын, шахмат ойынының ережелерін  бір жылда толық меңгеріп шығады.   

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу