Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен кездесті

22.06.2022

Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен кездесті. Олардың арасында әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева мен Гүлісхан Нақбаева бар. Президент елімізде шахматқа мемлекет тарапынан жүйелі көмек көрсету туралы ұсыныстарды тыңдады. Мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосу жайы айтылды. Алматыда 1500 орындық шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салуды қолдады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат саласын дамытуға қолдау көрсететінін атап өтіп, спортшыларға Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табыс тіледі. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу