Әлемде мұнай сақтайтын қоймалар таусылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай сақтайтын қоймалар таусылды

10.03.2015
Әлемде мұнай сақтайтын қоймалар таусылды

Тәулігіне артылып қалған мұнайдың көлемі 7,8 миллион баррельге жеткен. Бұл қарқынмен мамыр айында алып АҚШ қоймалары ернеуінен асып толады.

Бірақ бұл бір ғана АҚШ бас қайғысы емес, Еуропадағы «қара алтын» сақтайтын орындар 90 пайызға, ал Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы мен Жапонияның қоймалары 80 пайызға толды.

Қайтпек керек, қазір «қара алтын» өндіретін алыптар құйтырқы қылықтарға баруда. Бірі теңізде қатынайтын танкерлерді жағалауға мықтап байлап қойып, мұнай құйып толтырып қойма ретінде қолдануда.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу