Еуразия Ұлттық университетінде оқу жылының ашылуына орай шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия Ұлттық университетінде оқу жылының ашылуына орай шара өтті

19.09.2017

«Білім және рухани жаңғыру». Астанадағы Еуразия Ұлттық университеті осындай атаумен оқу жылының басталуына орай салтанатты шара өткізді. Биыл бұл жоғары оқу орнына 5200 студент түскен. Сондай-ақ, университетте бүгінгі еңбек ресурсына деген сұранысқа байланысты жаңа мамандық түрлері де ашылды. Университеттің басты көздегені - бүгінгі нарық талабына ілесе алатын мамандар дайындау. Ол үшін бар мүмкіндік бар. «Тек студенттердің талабы болса жеткілікті», - дейді ұстаздар қауымы.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу