Елімізде тұңғыш рет ағылшын тілін тікелей қазақша үйренуге арналған кітап шықты
Елімізде тұңғыш рет ағылшын тілінің грамматикасын басқа тілдерге сүйенбей, тікелей қазақша үйренуге арналған кітап шықты. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жарық көрген жаңа жинақ 3 бөлімнен тұрады. 300 беттік оқулықта ағылшын тілінің заңдылығы қазақ тілінің заңдылығы арқылы түсіндіріледі. Сондай-ақ, ұлттық ертегілеріміздің ағылшынша нұсқасы ұсынылған. Әзірге 1000 данамен шыққан кітап болашақта мектеп және жоғары оқу орындарының бағдарламасына енгізілуі мүмкін. Жиын барысында «Серпер» сыйлығының иегері Ержан Жұмабектің «Шексіздік шұғыласы» атты жыр жинағының да түрік тіліне аударылған нұсқасы таныстырылды. Бұл - қазақ ақындарының түрік тіліне аударылған алғашқы жеке жыр жинағы.
Амангелді СЕЙІТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12