Алматыдағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатқа 60 жыл толды.
Білім ошағының жарты ғасырдан аса тарихында көптеген елімізге танымал тұлғалар шықты. Олардың қатарында ұлт сөзін ұстаған зиялы қауым өкілдері мен Тәуеліздіктің тұғырын бекітуге үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері бар. Жалпы, биылғы жаңа оқу жылында мұнда балалар 8 сыныптан қабылданады.
Биыл еліміздің әр түкпірінен келген 125 оқушы мектеп табалдырығын аттады. Ал, білім мекемесін өткен оқу жылында бітірген 90 түлектің 22-і «Алтын белгі» иегері, 19-ы үздік аттестат иегері атанды. Түлектердің 98 пайызы жоғарғы оқу орындарының грантына түсті.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ