Бүгін 1 қыркүйек - сондай-ақ, білім күні. Қазақстан Президентінің 1998 жылғы Жарлығына сәйкес аталады. Биыл Құрбан айт мерекесіне орай республика мектептеріндегі алғашқы қоңырау ертең 2 қыркүйек күні өтеді.
Астанада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Жоба аясында Ішкі істер департаменті қызметкерлері Балалар үйіне базарлық апарды. Атап айтқанда, мекеменің 200-ге жуық тәрбиеленушісіне сабаққа қажетті құрал-жабдықтар тарту етті. Шара барысында концерт қойылып, полицейлер бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Балақайлар да тәртіп сақшыларының қайырымдылығына шынайы ризашылықтарын айтты. Ал, «Мектепке жол» акциясының өзі қазан айына дейін жалғасады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ