2019 жылдан бастап мектептерде нөлінші сынып енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылдан бастап мектептерде нөлінші сынып енгізілмек

22.08.2017

Тамыз кеңесінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы жаңашылдыққа тиянақты дайындалу керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар, биыл Әліппе оқулығын сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Жаңа оқу жылында ағылшын тіліндегі пәндерді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Ол үшін 1,5 мың мұғалім ағылшын тілі курстарын аяқтады. «Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі - ешқандай өзгерістер болмайды», - деді министр. Биыл ел бойынша 1-сыныпқа 380 мың бала барады, бұл былтырмен салыстырғанда 10,5 мың балаға көп.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу