Келесі жылдан бастап мектептерде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылдан бастап мектептерде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады

15.08.2018

Келесі жылдан еліміздің мектептерінде «Кәсіпкерлік негіздері» атты пән оқытыла бастайды. Жаңа курс 10-11 сынып оқушыларына аптасына екі рет, қазақ және орыс тілдерінде жүргізілмек. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі мәлімдеді. Оқу бағдарламасы шетелдердің үздік тәжірибелерін қолдана отырып жасалған. Оның 40 пайызы теориядан тұрса, 45 пайызы тәжірибелік сабақтарға арналады. Бағдарлама авторларының сөзінше, аталмыш оқу материалы арқылы оқушылардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығы оянады. Жаңа оқулықты жазуға әдіскерлер мен оқытушылардан бөлек, бизнесін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер де тартылған. Ал, дәрісті өткізетін мұғалімдер 108 сағаттан тұратын арнайы курстан өтті.  

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу