Астанада мектеп автобустарының дайындығы тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мектеп автобустарының дайындығы тексерілді

22.08.2017

Жаңа оқу жылы қарсаңында Астана қалалық Әкімшілік полиция басқармасы да мектеп автобустарының техникалық дайындығын тексерді. Оқушыларды тасымалдайтын көліктер заманауи техникамен жабдықталған. Тіпті, ата-аналар автобустың бағдарын, келу уақытын арнайы жүйе арқылы қадағалай алады. Тасымалмен айналысатын жеке компаниялардың талаптары да қатаң. Жүргізушінің жасы кем дегенде 25-тен жоғары болуы шарт. Сондай-ақ, тәжірибесі де ескеріледі. Жалпы, автобус қызметінің бағасы жыл сайын өзгеріп тұрады. Биыл бұл қызмет ақысы 30 мың теңге деп бекітіліпті. 

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу