Душанбеде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлері қауіпсіздік жайын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Душанбеде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлері қауіпсіздік жайын талқылады

28.04.2021

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері әскери қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Душанбеде өткен жиында ұйымның ұжымдық күштерін заманауи қару-жарақпен қамту жоспары қаралды. Қауіпсіздік жүйесінің бірлескен дайындығы тексерілді. Еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әлемдегі тұрақсыз ахуалға байланысты әскери қауіпсіздікке жаңа сын туындап отқанын атап өтті. Сол үшін халықаралық құрылымдардың қызметін үйлестіру, олардың күш-жігерін біріктіру маңызды екеніне тоқталды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу