Павлодарда оқу-сауықтыру орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда оқу-сауықтыру орталығы ашылды

18.08.2017

Павлодарлық оқушылар бұдан былай қысы-жазы оқудан қол үзбей-ақ демала алады. Бүгін аймақта алғашқы оқу-сауықтыру орталығы ашылды. «Балдаурен» деп аталады. Бұрын бұл жерде балалар үйі болған. Нысан бастан-аяқ жөнделіп, заманауи құралдармен жабдықталды. Жылына үш мың оқушыға дейін қабылдай алады. Білім беру және демалыс, спортпен айналысуға бар мүмкіндік қарастырылған. Табиғат аясында орналасқандықтан түрлі экскурсиялар ұйымдастыруға да мүмкіндік мол.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу