Мемлекеттік басқару академиясына биыл 132 грант бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік басқару академиясына биыл 132 грант бөлінген

11.08.2017

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына сынақ тапсыру жалғасып жатыр. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 132 грант бөлінген. Оның 120-сы магистратура, 12-сі докторантурада тегін білім алуға мүмкіндік береді. Сонда, бір орынға 3 адамнан келіп тұр. Үміткерлер бұған дейін, шет тілінен емтихан тапсырған. Соңғы шешуші кезеңде комиссия мүшелерінің алдында сан-саланы қамтыған сұрақтарға жауап береді. Заң бойынша мемлекеттік қызметте 3 жыл өтілі бар кез келген адам бағын сынап көруіне жол ашық. Әрине, оқимын деген адамның шет тілін білуі шарт. Сондай-ақ, Ауғанстан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтарына 10 орын бөлініп отыр.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу